«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы Қарағандыда болды

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы Қарағандыда болды
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Дулатбеков Нурлан Орынбасарұлының қабылдауында болды.
 
Тараптар діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуге бағытталған жұмыстарда ғылыми институт құрылымдары арасындағы өзара әрекеттестік етудің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
 
Кездесу барысында «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ мен «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.