Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов семинардың ашылу салтанатында мемлекеттік тапсырыс арқылы конфессияаралық келісімді және діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне арналған қаражат жыл сайын бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, жыл сайын басқарма тарапынан БАҚ діни тақырыптарды үздік жарияланымы байқауы өткізіледі, оның жеңімпаздары байланыс және ақпарат қызметкерлеріна арналған облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығымен марапатталады. Ол журналистерге аналитикалық мақалаларды жариялауға, журналистік зерттеулерді жүргізуге, белгілі бір адамдардың тарихын сипаттауға назар аударуды ұсынды.
«Қоғамдық кілісім» КММ басшысы Ерлан Құсайын журналистерді жастарды рухани тәрбиелеу, отбасылық ғұрыпты, өзара сыйластық пен келісімді насихаттау жөнінде материалдарды көбірек дайындауға шақырды.
Халықаралық ақпарат бөлімінің басшысы Дианна Есенова семинардың басты спикері болды, ол ақпараттық материалды ұсынудың негізгі әдістерін түсіндірді, материалдарды дайындау кезінде ҚР заңнамасы контексінде діни терминологияны дұрыс ерекшелеп көрсету, дінтанушы-сарапшылардың, теологтардың, психологтардың және дін қызметшілерінің пікірін пайдалану жөнінде журналистерге кеңес берді. Материалды дайындау кезінде жіберілген кейбір қателерді көрсете отырып, облыстық басылымдарда бұрын жарияланған мақалаларға талдау жасады. Жалпы алғанда, семинарға қатысқандар мемлекеттік дiни саясатты бұқараға ақпарат беру және насихаттау жөнінде толық ақпарат алды.
