«Мұны білу маңызды!» акциясы

«Мұны білу маңызды!» акциясы

Бүгін Қарағанды облысының дін істері басқармасы «Аманат» ҚҚ бірлесе «Шығыс», «Алтын-Арба» сауда базарлары мен «Таир» сауда үйлерінде жыл сайынғы «Мұны білу маңызды!» акциясын өткізді. Бұл акция қатарынан үшінші жыл өткізілуде. Аталған іс – шараның мақсаты азаматтарға тыйым салынған ұйымдардың деструктивті бағытта екендігі туралы ақпарат беру, сонымен қатар ҚР зайырлылық қағидаттарын  насихаттау болып табылады.

Акция барысында базарлардың қызметкерлеріне, өткен-кеткендерге зайырлы мемлекеттің негіздерін түсіндіру және өзі мен жақындарын деструктивті діни ағымдардың ықпалынан және оларға тартылудан қалай сақтануы керек екені туралы ақпараты бар буклеттер, инфографикалар таратылды.