Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Кұрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Кұрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Кұрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айтты мерекелеу 2019 жылғы 11 тамызда басталады. Облыстың барлық мешіттерінде таңғы 7:00 – де айт намазы оқылады. Дәстүр бойынша мереке үш күнге созылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау үшін облыстың барлық қалалары мен аудандарында құрбандыққа шалынатын малды союға арналған арнайы орындар бекітілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Қарағанды облысындағы уәкілетті мешіттердің аумағында тегін тағамдар, қайырымдылық жәрмеңкелері мен сыйлықтар тарату ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шара ұлттық ойын түрлерінен спорт сайыстары мен мәдени-сауықтыру бағдарламасымен жалғасын табады.