Діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауы дөңгелек үстел барысында талқыланды

Діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауы дөңгелек үстел барысында талқыланды

Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды облысының дін істері басқармасында дөңгелек үстел өтті, онда діни және этномәдени бірлестіктердің басшыларының қатысуымен ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – бұл Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауының негізгі аспектілері талқыланды.

Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов дөңгелек үстелді аша отырып,  Мемлекет басшысының Жолдауында өмірдің барлық салаларының қамтылғанын атап өтті. Қасымжомарат Кемелұлының: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – бұл күнделікті еңбекпен нығайып, қорғалуы қажет жалпы халықтың ортақ игілігі», – деген сөзі облыста тұратын  әртүрлі конфессиялар мен этнос өкілдері үшін ерекше маңызды болып табылады.

«Дөңгелек үстелдің» негізгі спикерлері ретінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – сарапшылар Мұсабеков Б.М., Силантьев А.Ю. халықтың түрлі санаттарының әлеуметтік мәселелерін шешудегі, саяси және экономикалық жаңғыртудағы Жолдаудың ерекше рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, олар «Ел бірлігі – оның әралуандығында!» қағидасын сақтай отырып, қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Діни және этномәдени бірлестіктердің басшылары елімізде өмір сүретін түрлі конфессиялар мен этностар арасында татулық пен келісім орнатуға бағытталған Мемлекет басшысының Жолдауын жоғары бағалады.

Олар қоғамдағы тұрақсыздыққа жол бермеу үшін бар күш-жігерін, сонымен қатар Жолдауда айтылған негізгі аспектілерді қолдауға барлық күшін салатындарына қатаң сенім білдірді.