Облысымыздың имамдарына арналған семинарлар өтті

Облысымыздың имамдарына арналған семинарлар өтті

Біздің басқарманың ұйымдастыруымен облысымыздың имамдарына арналған семинарлар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Хамзат Қажымұратұлы Әділбековтың қатысуымен Теміртау және Қарағанды қалаларында жалғасын тапты. Семинар «Заманауи дін қызметкерінің тұлғалық келбеті, дәстүрлі діннің қайнар көздері» тақырыбына арналды. Келелі жиынға әдеттегідей жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.


Жұмыс барысында кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар дін қызметкерлеріне кеңінен түсіндіріліп, діни жораларды жүргізу барысында халыққа насихаттау қажеттілігі ескерілді.


Өз кезегінде Хамзат Қажымұратұлы Елбасы мақаласында қамтылған рухани жаңғыру мәселесі мен оған дін саласының қосар үлесі, исламдағы ілім үйренудің артықшылығы мен мұсылманның сыртқы сипаты туралы дәріс оқыды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.