
Қарағанды қаласында 14-15 наурызда білім беру ұйымдарының психологтары мен Қарағанды облысының түзету мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар - тренинг өткізілді.
Семинар лекторы ҚР АҚДМ сарапшы-психологы Шакимова Лола Сергеевна сөз сөйледі.
Тыңдаушылар назарына «Террорлық белсенді аймақтан Қазақстан Республикасына қайтарылған әйелдермен және балалармен психологиялық жұмысты жүргізу», «ДАТ адептерінің психологиялық ерекшіліктері», сонымен қатар деструктивті мінез-құлықтағы профайлинг тақырыптары ашып айтылды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.