Үздік бейнеролик байқауының қорытындысы

Үздік бейнеролик байқауының қорытындысы
Дін істері басқармасымен Қарағанды облысының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында «Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыбында үздік бейнеролик» байқауы ұйымдастырылды. Конкурстың мақсаты заманауи талаптарға, болашақ кәсіби қызмет шарттарына сәйкес кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту, жастардың азаматтық және патриоттық өзін-өзі дамытуын ынталандыру, діни экстремизмнің алдын алуға байланысты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу. . Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды.
ҚР ІІМ Академиясының курсанты Жусупова Аружан (қазақ тіліндегі бейнеролик), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Иохим Катерина (орыс тіліндегі бейнеролик) жүлделі орындарға ие болды. Байқау жеңімпаздарына дипломдар, ақшалай сертификаттар табыс етілді.