«ZOOM» қосымшасы арқылы облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің қорытынды отырыс өтті

«ZOOM» қосымшасы арқылы облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің қорытынды отырыс өтті

Бүгін «ZOOM» қосымшасы арқылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің қорытынды отырыс өтті. Аталған отырысқа Кеңес мүшелері, облыстық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстағы діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысы барысында Қарағанды және Жезқазған қалалары, Осакаров ауданы әкімдіктерінің діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестерінің жұмысы және діни ахуал жағдайы туралы, Қарағанды Е.А.Бөкетов атындағы университеттің, Қазтұтыну одағының Қарағанды университетінің студент жастармен және олардың деструктивті радикалды діни ұйымдар мен ағымдарға тартылуына жол бермеу жұмысы туралы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Халел Кеңес отырысының 2021 жылғы қорытындылап, Кеңес жұмысының 2022 жылы атқаратын жұмысының ауқымдылығын жеткізді. Қорытынды бөлігінде төраға қатысушыларды келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті Күні және ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, ел игилігі үшін атқарар еңбектеріне толайым табыс тіледі.