Қарағанды облысы дін істері басқармасымен облыстың орта арнаулы оқу орындарының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының зайырлылық құндылықтары» атты семинар өткізілді.
Лектор ретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, әлеуметтік ғылымдар кандидаты А.А.Инджиголян, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының аға оқытушысы А.К.Шарипов, Қарағанды техникалық университетінің әлеуметтік гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы, мәдениеттік ғылымдардың магистрі Ж.А.Тусупбеков шақырылды. Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының зайырлылық құндылықтары, интеркультурализм принциптерінде ұлттық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша дүниежүзілік практикасы сұрақтары қаралды. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификат табысталды.