Зайырлы Қазақстандағы қоғамдық сананың модернизациясы процесстерінде діннің және діни мәдениеттің рөлі,

Зайырлы Қазақстандағы қоғамдық сананың модернизациясы процесстерінде діннің және діни мәдениеттің рөлі,
Бүгін Қарағанды қаласындағы Достық үйінде зайырлы Қазақстандағы қоғамдық сананың модернизациясы процесстерінде діннің және діни мәдениеттің ролі, дін функциясын түсінуді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шарада Қарағанды облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, әртүрлі конфессиялардың діни қызметкерлері, облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Қ.Халел, облыстық конфессияаралық қатынастарды талдау және зерттеу орталығының басшысы Д.Р.Тулегенов қатысты.
​Кездесу барысында дін аралық диалогты кеңейту, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды​және толеранттылық қағидаттарын одан әрі нығайту, сонымен қатар деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін халықтың діни қызмет туралы кері байланысын күшейту.
​Қорытынды бөлігінде ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының Алғыс хатымен, облыстық дін істері басқармасының Алғыс хатымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
​Облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Қ.Халел «дөңгелек үстел» қатысушыларын келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті Күні және ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, ел игилігі үшін атқарар еңбектеріне толайым табыс тіледі.