Мекенжай жұмысын жүргізу бойынша оқыту семинары өткізілді

Мекенжай жұмысын жүргізу бойынша оқыту семинары өткізілді
15-16 қараша күндері Қарағанды облысының дін саласындағы теолог мамандары мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері үшін Қарағанды қ. Әнет баба мешітінде - жеке мекенжай жұмысын жүргізу бойынша, оқыту семинары өткізілді.
Аталған семинарды лектор ретінде исламтанушы-ғалым , «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы - Ризабек Батталұлы Илимбаев жүргізді.
Бағдарламаға сәйкес, сабақтың І бөлімі «Жат ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша; ІІ бөлімі "Исламдағы ақидалық ағымдар" мен күніміздегі пікірталас тудырған діни мәселелер - тақырыбында өтті.
Семинар соңында, тындаушыларға сертифакаттар табысталды