
Қарағанды облысының дін істері басқармасы жастар арасындағы «noextremism, notrrorism» іс-шаралары шеңберінде Қарағанды облысының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыбында үздік бейнеролик» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде өткізілді.
Байқау жастар арасында мәдениет деңгейін арттыру, мәдени әралуандылық құндылықтарын және мәдениетаралық диалогты дамыту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар арасында патриотизм сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында бейбітшілік пен келісімде тұратын түрлі ұлттар арасында достық пен толерантты қарым-қатынасты дамытуға әлеуметтік бағыттылыққа бағытталған. Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар, ақшалай сертификаттар табыс етілді. Жусупова Аружан Нурлановна ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 3 курс студенті (қазақ тіліндегі бейнеролик), Иохим Екатерина Николаевна Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Философия және психология факультетінің 2 курс студенті (орыс тіліндегі бейнеролик) бірінші жүлделі орындарға ие болды.