
Бұқаралық ақпарат құралдарында дін саласындағы мәселелерді үздік жариялау жөніндегі журналистер арасындағы жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Журналисттердің белсенді жұмысын ынталандыру және көтермелеу мақсатында дін саласындағы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінің үздік жариялымы байқауы БАҚ өкілдері арасында жыл сайын өткізіледі.
Осы жылы байқауға БАҚ өкілдері арасынан 14 өтінім келіп түсті. Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жеңімпаздар «Үздік телерадио және интернет материалы» мен «Облыстың баспа басылымындағы ең үздік жарияланым» номинациялары бойынша қарастырылды.
Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша «Облыстың баспа басылымындағы ең үздік жарияланым» номинациясы бойынша:
- ІІІ орынға «Приозерский Вестник» газетінің журналисі Нурғали Қарабеков ие болды.
- ІІ орынды «Орталық Қазақстан» газетінің журналисі Ғалым Қасымхан алды.
- І орынға «Жезказганский Вестник» газетінің журналисі Алпанбаева Эльвира жеңіп алды.
«Үздік телерадио және интернет материалы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
ІІІ орын - Сәтбаев қаласының «Aqsham» телеарнасының журналисі Владимир Романьков;
ІІ орын - «Хабар» телеарнасының журналисі Айгүл Амантаева;
І орын – «Saryarqa» телеарнасының журналисі Мақсат Бейсенаев