Дінаралық татулықтағы БАҚ өкілдерінің орны

Дінаралық татулықтағы БАҚ өкілдерінің орны

15 қазанда Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында Рухани келісім күніне арналған ісшаралар аясында Е.Букетов атындағы университетінің журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студеттермен кездесу өткізілді.

Кездесуге Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Халел, «SARYARQA AQPARAT» медиахолдингінің директоры Қ.Ж. Ахметов, Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы мекемесінің басшысы Д.Р. Тулегенов қатысты.

Кездесу барысында облысымыздағы конфессияаралық келісім мен татулықты нығайтудағы БАҚ өкілдерінің орны туралы айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.