Қарағанды облысының мешіттерінде Тарауих намазы оқылмайды

Қарағанды облысының мешіттерінде Тарауих намазы оқылмайды
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Рамазан айында мешіттерінде Тарауих намаздары мен Жұма намаздары оқылмайды, ауызашар рәсімдері өткізілмейді.
Бұл туралы Қарағанды облысының дін істері басқармасы хабарлайды.
Басқармада атап өткендей, биыл қасиетті Рамазан айы діни мерекесі 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді. Мамырдың 8-нен 9-на қараған түні қасиетті Қадір түні. 13 мамыр күні Ораза Айт мерекесі аталып өтеді.
Сонымен қатар, орталықтандырылған тегін senim109 нөмірі арқылы Рамазан айына қатысты, одан бөлек барлық ұсынысты айтып, хабарласуға болады.
«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Өзімізді және жақындарымызды қауіп-қатерден сақтайық!», – басқарма басшысы Дулат Халел.