Құрметті мұсылман қауым, жерлестер!

Құрметті мұсылман қауым, жерлестер!
Баршаңызды күллі мұсылман әлемі асыға, сағынышпен қарсы алатын қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әлемде індеттің таралуы салдарынан елімізде болып жатқан дүрбелеңге қарамастан көпұлтты, ынтымағы жарасқан жерлестеріміз шарапаты мол айды лайықты қарсы алып, құрметпен өткізеді деген сенімдеміз.
Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей қиын кезеңде мұсылман қауымының атқарып жатқан қайырлы істері барша адамзат үшін үлгі. Бұл біздің береке-бірлігіміздің арқасында кез келген қиындықты абыроймен еңсеретініміздің айқын дәлелі
Басымызға келген сынақтардан сүрінбей, сабырлықпен күресу арқылы мол сауапқа кенеліп, сын сағатта бірлігіміз бекем болып, ел амандығы үшін қойылып отырған талаптарды орындап, жанұямызбен бірге жақсы тілекте болайық ағайын!
Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
Құрметпен, Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы.