Қарағандыда Рухани келісім күні атап өтілді

Қарағандыда Рухани келісім күні атап өтілді

Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде» Рухани келісім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шараға Халық Кеңесінің мүшесі, «ӘDILET» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков, облыс дін ұйымдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар қатысты.
Іс-шара аясында қоғамда бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында діни бірлестіктер клубының белсенді мүшелері, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, теологтар және әскери қызметкерлер бар.
Мерекенің мазмұнын арттыра түскен шаралардың бірі – «Қарағанды облысындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды және конфессияаралық толеранттылықты дамыту» тақырыбында өткен фотокөрме болды.
Бағдарлама соңында діни бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге рухани серпіліс пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.