
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында Қарағанды облысы Діни бірлестіктер клубының мүшелері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне барып, ҚарЛАГ тарихымен және музей экспозицияларымен танысты.
Қатысушылар қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдырын бейнелейтін мұрағат құжаттарын, жеке заттарын және басқа да жәдігерлерді тамашалады. Музейге жасалған сапар тарихи жадыны сақтаудың және өткенге құрметпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.