
Қарағанды облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен психологтарына арналған «Рухани-адамгершілік құндылықтар – психологиялық және моральдық парадигма ретінде» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты – педагогтардың тәрбиелік жұмыстың негізі болып табылатын рухани-адамгершілік құндылықтар туралы кешенді түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ олардың тұлғаның психологиялық және моральдық дамуын қамтамасыз етудегі рөлін қазақстандық мәдениет контекстінде ашып көрсету. Семинардың спикері ретінде психолог, заң ғылымдарының кандидаты, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономикалық қатынастардың құқықтық реттелуі» кафедрасының профессоры Аренова Лейла Клементьевна сөз сөйледі.