«Қазақстанның болашағы – зайырлы мемлекет» дебат турнирі

«Қазақстанның болашағы – зайырлы мемлекет» дебат турнирі

Қарағанды қаласында жастар арасындағы облыстық ашық дебат турнирі өтті

Қарағанды қаласының «Достық үйінде» «Қазақстанның болашағы – зайырлы мемлекет» тақырыбында жыл сайынғы облыстық ашық дебат турнирі өткізілді.
Іс-шара Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылып, жастардың азаматтық белсенділігі мен патриоттық өзін-өзі дамытуын ынталандыруға бағытталды.
Биыл турнирдің ауқымы кеңейіп, әр аймақтан өкілдер қатысты. Турнир Линкольн-Дуглас форматы бойынша өтті. Барлығы 18 қатысушы бақ сынады (10 – қазақ лигасы, 8 – орыс лигасы).


🏆 Финал қорытындысы бойынша:

І орын:

Мұханов Мақсат (Қарағанды қ.) – қазақ лигасы,

Адилов Тамирлан (Астана қ.) – орыс лигасы;


ІІ орын:

Ахан Нұрәсем (Қарағанды қ.) – қазақ лигасы,

Сулейманов Рустам (Қарағанды қ.) – орыс лигасы;


ІІІ орын:

Маратов Ильяс (Қарағанды қ.) – қазақ лигасы,

Вайгель Влада (Астана қ.) – орыс лигасы.


🎤 Үздік спикерлер:

Тұңғышбек Арман – қазақ лигасы,

Чиж Руслан – орыс лигасы.