Меню

Страницы

Статья

Атқарылған іс аз емес, алда үлкен міндет бар

Облыс аумағында 15 конфессияны, 53 шетелдік миссионерді құрайтын 280 діни бірлестік жұмыс істейді, олар өз қызметін Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнама нормаларының аясында жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың жергілікті діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасауы мақсатында облыста Діни бірлестіктер клубы құрылды, клуб мүшелері оның жұмысына белсенді қатысады.

Басқарма өткен жылы клубтың 8 отырысын өткізді, оның барысында зайырлы Қазақстандағы діннің функцияларын түсіну, қоғамдық сананы жаңғырту үдерістеріндегі дін мен діни мәдениеттің ролі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

2022 жылы басқарма тарапынан Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асыру аясындағы мақсатты оңалту және ақпараттық-алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдары (мерзімді баспа басылымдары, теледидар), әртүрлі іс-шаралар (тікелей эфирлер, акциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер) өткізу, әлеуметтік желілерде (облыс бойынша 60 аккаунт және 1 Telegram-бот) қарсы насихаттау материалдарын тарату арқылы тұрғындар арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылады.

Халықтың әртүрлі санаттары (жұмыспен қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, еңбек ұжымдары, жастар, жұмыссыздар, сотталғандар және т.б.) арасында әртүрлі форматтағы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілуде. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша 4184 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 224 мыңнан астам адам қатысты.

Сонымен бірге, басқарма тарапынан республикалық деңгейдегі сарапшыларды және Парламент Мәжілісінің депутаттарын тарта отырып, теологтарға, имамдарға, ҚМДБ қызметшілеріне, психологтарға, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне, журналистерге, облыстың қалалары мен аудандарының ІСБ, КММ, ЖРО мамандарына арналған тұрақты негіздегі семинар-тренингтер өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жолға қойылған. Облыстық және өңірлік телеарналарда тақырыптық бағдарламалар шығару ұйымдастырылған. Мерзімді баспа басылымдарында тұрақты негізде діни тақырыптағы материалдарды жариялайтын журналистер пулы құрылды.

Журналистерді ынталандыру үшін басқарма олардың арасында «Дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланымы» байқауын жыл сайын өткізеді, жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 900 мың теңгені құрады.

Мәселен, өткен жылы байқауға қатысуға облыстың түпкір-түпкірінен баспасөз және телевизия журналистерінің 11 өтінімі қаралды. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия отырысының нәтижесінде «ТВ үздік репортаж», «Интернет БАҚ-тағы үздік материал», «Мерзімді баспа басылымындағы үздік мақала» номинациялары бойынша 7 жеңімпаз анықталды.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан қарсы насихаттау сипатындағы бейнежазбалар жыл сайын жасалады, 2022 жылы басқарманың әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы бойынша деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алуға, зайырлылық ұғымдарын түсіндіруге және т.б. бағытталған 18 бейнежазба жасалды.

Бұдан басқа, ведомстволық бағыныстағы «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ қызметкерлері қарсы насихаттау сипатындағы қысқаметражды бейнежазбалар дайындап (псевдосалафиттердің бұрынғы әйелдерінің сөзі, «Жусан» арнайы операциясы бойынша әскери қақтығыс аймақтарынан оралған және діни экстремизм үшін сотталған әйелдердің өкініші мен өкінуі), оларды әлеуметтік желілерде («Instagram», «VK», «Facebook», «TikTok»), «WhatsApp» мессенджерінде және «Youtube» бейнехостингінде белсенді түрде таратты.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттау және оның алдын алу мақсатында 2022 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда 419 мақала, 8 телехабар шығарылымы, 24 жаңалықтар сюжеті, 3566 қарсы насихаттау материалы (барлығы 14130 жарияланым) жарияланды.

Басқарма интернетте радикалды діни контенттің таралуына жол бермеу мақсатында «Аналитикалық интернет картасы» арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.

Аталған жүйені енгізу тиімділігінен әлеуметтік желілерде жүргізілетін мониторинг жұмысы 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде интернетте діни деструктивті ағымдардың материалдарын оқып, тарататын пайдаланушылардың санын 10 865 адамға дейін азайтуға мүмкіндік берді (2020 жылы – 25 742, 2021 жылғы желтоқсанда – 18 834 адам).

Дін саласындағы заңнаманы бұзған 43 әкімшілік құқық бұзушылық факті анықталды, оның ішінде 13 материал сотқа жолданды, 23 материал мерзімі өткендіктен тоқтатылды, 3 материал діни сараптама жүргізу үшін Дін істері комитетіне жолданды, 4 материалға қатысты ҚР ӘҚБК 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы және 453-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 466 592 теңге сомасына айыппұл салынды.

Теологтар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктері арқылы деструктивті діни ағымдардың өкілдерін радикалсыздандыру басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Сонымен бірге, ДДА ұстанатындармен жеке және топтық іс-шараларды өткізуге тәжірибелі сарапшылар қатысады, бұл оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқарма тарапынан алдын алу іс-шараларын өткізудің жаңа форматы ретінде білім беру және тіл оқыту курстары, аспаздық шеберлік сыныптары, шағын футбол мен волейболдан «BIRLIK – 2022» турнирлері, отбасылық тимбилдингтер, «Sister’s party», белгілі республикалық исламтанушылардың (Ризабек Батталов, Қабылбек Әліпбайұлы) және теологтардың (Оңғаров Ершат, Шоқанұлы Сансызбай, Абдуали Бауыржан) қатысуымен дастархан басындағы (Рамазан, Мәуліт) көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылды.

2022 жылы өткізілген түрлі форматтағы жаңа топтық іс-шаралардың ДДА ұстанатындар санының азаюына оң әсерін тигізгені тәжірибе барысында көрінді және ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.

Жалпы, соңғы үш жылда облыс бойынша деструктивті діни ағымдарды ұстанатындар санының айтарлықтай азайғаны байқалады.

Сонымен қатар, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында әскери белсенді аймақтардан оралған отбасылар ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі күні облыста 7 әйел (оның 2-уі Көксун кентіндегі АК159/9 мекемесінде жазасын өтеуде) және 21 бала тұрады. Барлық әйелдер мен балалар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған: – Қарағанды қаласы (4 әйел, 17 бала); – Бұқар жырау ауданы (1 әйел, 4 бала). Жалпы, өңірдегі діни ахуал тұрақты.

Мұны 2022 жылы жүргізілген «Қарағанды облысындағы діни ахуал туралы» атты әлеуметтік зерттеудің нәтижесі дәлелдейді.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес тұрғындардың діншілдігінің қарқынды өсімі байқалады, діншілдер мен дінге сенбейтіндер арасындағы қарым-қатынас диалог және ынтымақтастық сипатында, басқа діни көзқарастағылардың діни сеніміне деген өзара құрмет байқалады.

Әлеуметтік зерттеудің екі өлшемінің салыстырмалы талдауы Қарағанды облысындағы діни ахуал тұрақты түрде қолайлы деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді – 80%.

Сауалнамаға қатысқан Қарағанды облысы тұрғындарының 63%-ы мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын қолдайды.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын (63%) қолдайды және дін саласындағы конституциялық құқықтарды кепілді пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жоғары бағалайды.

Бірінші өлшемнен екінші өлшемге дейінгі динамикалық өзгерістердің салыстырмалы талдауы өңірдегі діни ахуалды зерттеудің толық көрінісін алуға мүмкіндік берді.

Алынған деректер негізінде облыстың қалалары мен аудандары бойынша дін саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі мақсатты ұсынымдар дайындалды және тұрғындардың нысаналы санаттары арасында ақпараттық-түсіндіру және алдын алу жұмыстарын одан әрі тиімді жүргізудің стратегиясы әзірленді.

Жалпы, басқарманың жұмысы Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру аясындағы 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жалғасады.

 

Ғалымжан САДУОВ, облыстың дін істері басқармасы басшысының м.а.

«Орталық Қазақстан» газеті №10 (23 186) 26 ҚАҢТАР, БЕЙСЕНБІ 2023 ЖЫЛ

Дата публикации
02 февраля 2023
Дата обновления
02 февраля 2023
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 января 2026
Келісімге негізделген жүйелі жұмыс
18 марта 2025
Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында
Талдамалық мақала
23 января 2025
Діни келісім Қарағанды ​​облысындағы тұрақтылықтың негізі сынды

Социальные медиа

Konfesskrg
Управление по делам религий Карагандинской области
din_qaragandy
Қарағанды облысының діни мекемелерінің анықтамалық боты
din_qaragandy

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы