Қарағанды облысының журналистері арасындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі - БАҚ) үздік жарияланымы байқауы туралы ЕРЕЖЕ

БЕКІТЕМІН

«Қарағады облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы

____________ Халел Д.К.

«___»_____________ 2020 ж.

 

Қарағанды облысының журналистері арасындағы

дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің

бұқаралық ақпарат құралдарындағы (одан әрі - БАҚ)

үздік жарияланымы байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

 

Байқауды «Астана Рухани Жаңғыру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ өткізеді.

  1. Байқаудың мақсаты журналистер қауымдастығын, БАҚ-ды дін саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен жариялауға және өңірдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту, дін тақырыбын объективті жариялау арқылы діни экстремизмнің, терроризмнің және деструктивті діни ғұрыптардың таралуының алдын алу шараларын жүзеге асыруға тарту; тұрғындарды мемлекеттік-конфессиялық қатынастарының қағидаттары туралы ақпараттандыру; қазақстандық қоғамның рухани дәстүрлерін насихаттау болып табылады.
  2. Байқаудың міндеттері:

а) жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ және БАҚ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;

б) БАҚ-та дін және конфессияаралық қатынастар тақырыбының объективті жариялануын қамтамасыз ету;

в) қоғамда конфессияаралық келісімді, толеранттылықты нығайту мен радикалды және деструктивті діни ілімдерге қарсы облыс тұрғындарының иммунитетін қалыптастыруға ықпал ету;

г) тұрғындардың діни сауаттылығын және оларды дін саласында болып жатқан үдерістер туралы ақпараттануын арттыру;

д) Қазақстан Республикасының зайырлы негіздерін нығайту арқылы Қазақстан халқының ұлттық, рухани және діни салт-дәстүрлерін насихаттауға қоғамдастықты, шығармашылық зияткерлерді тарту.

Байқауға қатысуға қазақ және орыс тілдерінде белгіленген мерзімде облыстың мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурстарда материалдарын жариялайтын, жергілікті теле- және радиоарналарда хабарлар дайындап, эфирге шығаратын Қарағанды облысының барлық БАҚ журналистері шақырылады.

  1. Тәуелсіздік күні қарсаңында сыйлықты табыс ету және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіледі.
  2. БАҚ-да жарияланатын және жарыққа шығатын материалдарға қойылатын талаптар:

а) мақалалар мен хабарлардың мазмұны мемлекеттің конфессиялық саясатының жалпы қағидаттарына, Қазақстанда қалыптасқан конфессиялар арасындағы толеранттылық қатынастарына сәйкес келуі тиіс;

б) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларына қайшы келмеуі, оның ішінде мазмұнында белгілі бір дінді немесе олардың айрықшылығын насихаттау және дінаралық келіспеушілікті тудыратын, діни нанымдарының уәждемелері бойынша азаматтардың құқықтарын кемсіту элементтері болмауы тиіс;

  1. c) материалдардың ақпараттық қанықтылығы, тақырыпты қамту тереңдігі;

г) дінге сенушілердің сезімдеріне, облыс аумағындағы қолданыстағы діни бірлестіктердің қызметіне қатысты этикалық нормалардың сақталуы.

  1. Байқау жеңімпаздарын анықтау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Байқау комиссиясы материалдарды қарау үшін іріктейді және жеңімпаздарды анықтайды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, журналистер пулының, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының беделді өкілдері кіреді.

  1. Байқау жеңімпазы келесі номинация бойынша анықталады:

-  «Үздік теле-радио және интернет материалы,  облыстың мерзімді баспа басылымындағы үздік жарияланым».

  1. Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша баспа және электронды БАҚ жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыс етіледі:

І орын - 150 мың теңге  

ІІ орын -  100 мың теңге

ІІІ орын -  50 мың теңге  

  1. Байқаудың атқарушы органдары

Байқауды дайындап, өткізу үшін жұмыс тобы құрылады, оның міндетіне келесілер жатады:

а) байқауға қатысу үшін тапсырыстардың үлгілерін және тапсырысқа қоса берілетін материалдардың тізбесін бекіту;

в) байқауды ақпараттық сүйемелдеу;

г) байқау комиссиясының отырыстарын дайындау;

д) байқау өткізуді ұйымдастыру және тапсырыстарды толтыру мәселелері бойынша байқауға қатысатындарға кеңес беру;

е) түскен тапсырыстарды есепке алу және оларды байқау комиссиясы мүшелерінің қарауын ұйымдастыру;

ж) байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру.

 

  1. Байқау өткізу шарттары

Байқауға көрсетілген мерзімде мерзімдік баспа басылымдарында жарияланған материалдарды және телеарналар мен радиода эфирге шыққан хабарларды, сонымен қатар интернет-сайттағы материалдарды ұсынуға болады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

а) материалдың MS Word форматындағы электронды нұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жарияланымдардың түпнұсқасы немесе көшірмесі (басылым атауын, күнін және автордың байланыс деректерін көрсете отырып) ұсынылады;

б) телебағдарламаның көшірмесі түріндегі  аудиовизуалды жұмыстар эфирлік анықтамаларымен бірге ұсынылады (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдағыштарда);

в) электронды БАҚ журналистері интернет-сайтта орналастырылғанын растай отырып, жарияланған материалдардың көшірмесін жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдарды байқауға қабылдаудың соңғы күні:25 қазан 2020 жыл (алу күні).

Ұсынылған материалдарға  журналист және БАҚ туралы өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3x4 см фотосуреті, ақпараттық материалдар тізбесі қоса беріледі.

Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды.  Байқау комиссиясы қабылданған немесе жарияланған шешімдерге түсінік бермейді.

Байқау материалдары мына мекенжай бойынша ұсынылады:

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ,   (diana392@mail.ru) діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және  әдістемелік жұмыс бөлімі.

 

ДІБ телефоны: 8(7212)565693, Ибраева Диана - +7 708 757 81 57

 

№1 қосымша

(тапсырыс нысаны)

Журналистер арасындағы дін саласы және діни экстремизмнің алдын алу мәселелерінің БАҚ үздік жарияланымы байқауына қатысу тапсырысы

Номинация _______________________________________________________

Аты-жөні       ___________________________________________________

Жасы            ___________________________________________________

Жұмыс орны __________________________________________________

Байланыс телефоны  ________________________________________________

Электронды мекенжай _____________________________________­­­­­­­­­­_________

Жеке куәлігінің  көшiрмесi тапсырысқа қоса берiледi.

Дата публикации
02 октября 2020