Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының кубогына
шағын футболдан АШЫҚ турнир өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Қарағанды облысының жергілікті діни бірлестіктері командалары арасында Қарағанды облысының діни бірлестіктері клубының кубогына шағын футболдан ашық турнир өткізу туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қарағанды облысының жергілікті діни, этномәдени және коммерциялық емес бірлестіктері командалары арасында шағын футболдан турнир (бұдан әрі – Турнир) өткізудің мақсаттарын, мерзімін және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Турнир «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ тапсырысы бойынша өткізіледі.
2.1. Турнирдің мақсаты:
Қарағанды облысының жергілікті діни, этномәдени және коммерциялық емес бірлестіктерінің өкілдері арасында салауатты өмір салтын, оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру.
2.2. Турнирдің міндеттері:
- жергілікті діни, этномәдени және коммерциялық емес бірлестіктердің өкілдерін Қазақстан Республикасы азаматтарының бірыңғай көпмәдениетті, поликонфессиялы және көпұлтты қоғамдастығы ретінде біріктіру;
- СӨС насихаттау.
3.1. Турнирге Қарағанды облысының жергілікті діни, этномәдени және коммерциялық емес бірлестіктерінің мүшелерінен құралған командалар қатысады.
3.2. Турнир «Nomad arena» спорт кешенінің базасында өткізіледі. Мекенжайы: 134 есепті орама, 3/5.
Турнир екі кезеңнен тұрады: топтық және плей-офф матчтары.
Топтық матчтар, үшінші орын үшін матч және финалдық ойын 2024 жылғы 15 маусымда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін өткізіледі.
3.3. Турнирге қатысу үшін өтінімдер осы ереженің 5-тармағына сәйкес 2024 жылғы 20 мамырдан 10 маусымға дейін қабылданады.
3.4. Турнирге қатысатын командалардың бастапқы өтінімдерін тапсырғаннан кейін турнир ойындарының кестесін жасау үшін әр команданың бір өкілінің қатысуымен жеребе тартылады.
3.5. Топтық кезеңдегі командалардың жеребесі 15 маусымда сағат 9.30-да «Nomad arena» спорт кешені, 134 есепті орама, 3/5 мекенжайында өткізіледі.
3.6. Командалар турнирдің бірінші кезеңінде өткізілген жеребеге сәйкес топтарға бөлініп, топтық кезең матчтарын айналмалы жүйе бойынша өткізеді.
3.7. Екінші кезеңде 3-ші орын үшін ойындар (шағын топта 2-ші орын алған командалар арасында) және соңғы ойын (шағын топ жеңімпаздары командаларының арасында) өтеді.
3.8. Осы ережені ескере отырып, ойындар футзал (шағын футбол) ойнау ережесі бойынша өткізіледі. Матчтың ұзақтығы – уақыты тоқтатылмай, 20 минуттан тұратын екі тайм, таймдар арасындағы үзіліс 5 минут. Ойын 4+1 схемасы бойынша өткізіледі (4 алаң ойыншысы + 1 қақпашы). Турнирдің барлық ойындары турнир кестесіне сәйкес өткізіледі (осы ережеге қосымша).
3.9. Ойыншылар тек қарсыластарына қауіп төндірмейтін спорттық аяқ киіммен ойнауға құқылы.
4.1. Турнирдің топтық кезеңіндегі ойындарды өткізу кезінде командалардың орындары барлық кездесулер нәтижесінде жиналған ең көп ұпай сомасы бойынша бөлінеді: матчта жеңіске жету үшін команда 3 ұпай, тең түсу кезінде – 1 ұпай, жеңілісте – 0 ұпай алады. Екі және одан да көп командалардың ұпайлары тең болған жағдайда, орындар мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
- жеке кездесулердің нәтижелері бойынша;
- барлық кездесуде гол соғылған және жіберіп алған доптардың ең жақсы айырмашылығы бойынша;
- барлық кездесулерде ең көп соғылған голдың саны бойынша;
- жеребе бойынша.
4.2. Екінші кезеңде тең нәтиже болған жағдайда, жеңімпазды анықтау матчтан кейінгі пенальти сериясы арқылы жүзеге асырылады: пенальти әр командадан үш соққы беру бойынша өтеді. Тең түскен жағдайда бірінші жіберілген допқа дейін. Соққы беретін ойыншыларды қайталауға тыйым салынады. Егер команданың барлық қатысушылары пенальтиге қатысқан жағдайда, соққы беретін ойыншыларды қайталауға рұқсат етіледі.
5.1. Турнирге қатысу үшін командалар ойыншылардың аты-жөнін, туған күндерін көрсете отырып, еркін түрде өтініш беруі керек. Өтінімдер Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 31. 204-кеңсе мекенжайы бойынша қабылданады.
5.2. Өтінімге 5-тен 10 адамға дейін енгізуге рұқсат етіледі. Турнир барысында команда ойыншыларды қосымша енгізе алмайды.
5.3. Белгіленген мерзімде өтінім бермеген команда ойынға жіберілмейді.
6.1. Ойындарға төрелік етуді турнирді ұйымдастырушылар ұсынған төрешілер жүзеге асырады.
6.2. Жарыстың бас төрешісі төрешілерді ойындарға тағайындауды жүзеге асырады.
6.3. Ойынға қатысты фактілер бойынша шығарылған төрешінің шешімі түпкілікті болып табылады.
7.1. Турнир ойындары кезінде ойыншыларға келесі санкциялар қолданылады:
- үш сары карта – келесі ойынды өткізіп жіберу;
- бір ойындағы екі сары карта – келесі ойынды өткізіп жіберу;
- «соңғы үміт» фолы үшін – келесі ойынды өткізіп жіберу;
- жарақат алуға алып келген қасақана дөрекі ойын үшін – жарыс аяқталғанға дейін шығару;
- қарсыласын, төрешілерді, көрермендерді қорлағаны үшін – турнирдің соңына дейін шығару;
- ойыншыны, төрешілерді, көрермендерді соққаны үшін – турнирдің соңына дейін шығару
7.2. Бұрын алынған сары карточкалар жойылмайды.
7.3. Ережеде көзделмеген шығарып тастау жағдайында дисквалификация мерзімі туралы шешімді Ұйымдастырушылар қабылдайды.
8.1. Мәлімделмеген ойыншы матчқа қатысқан жағдайда, бұл ойыншы жарыстан турнирдің соңына дейін шығарылады, ал матчта (матчтарда) ол ойнаған командаға 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі.
8.2. Егер команда ойынға 5-тен аз адамды (қақпашымен бірге) шығарса, онда бұл командаға 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі
8.3. Команда ойынға қатыспаған жағдайда, ол турнирден шығарылады.
8.4. Команда ойынға 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оған 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі.
8.5. Команда ойынды жалғастырудан бас тартқан жағдайда, оған 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі.
9.1. Спорттық жарысты өткізу кезінде І орын алған командалар кубокпен, 2 және 3 орындар үшін сыйлықтармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен (бірінші орын үшін 180 мың теңге, екінші орын үшін 120 мың теңге, үшінші орын үшін 60 мың теңге) және медальдармен марапатталады.
9.2. Қатысушылардың қалған командалары дипломдармен және логотипі бар кәдесый өнімдерімен марапатталады;
9.3. 5 (бес) ойыншы төмендегі жеке номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталады:
- турнирдің үздік ойыншысы;
- үздік бомбардир;
- қорғаныс шегінің үздік ойыншысы;
- үздік қақпашы;
- үздік джокер
марапатталады.
9.2. Марапаттау турнир аяқталғаннан кейін өтеді.
- лучший вратарь;
- лучший джокер
9.2. Марапаттау рәсімі турнирдің соңында өткізіледі.
10.2. «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі: Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 31. 204-кеңсе.