ТҮРЛІ МАҚСАТТЫ ТОПТАР ДЕҢГЕЙІНДЕ БӨЛШЕКТЕП БАЙЛАНЫСТАРУМЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
№14. ЖОБА. ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ТАРТА ОТЫРЫП,
ІС- ШАРАЛАР ӨТКІЗУ
«Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының аясында қоғамдық пікір жетекшілерінің тізімі бекітілді, тізім міндеттерді орындау талаптарын сақтау жөніндегі іс-шаралардың тиімді жүргізілуіне бағытталған.
Діни бірлестіктер мүшелері қатарынан спикерлер пулы құрылды, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы халыққа түсіндіру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жұмысы жүргізеді:
Естай Әбдіғали Айтуғанұлы – Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы;
Патрикеев Михаил Александрович – Қазақстан ОПШ Қарағанды және Шахтинск епархиясының хатшысы;
Полтаренко Дмитрий Сергеевич – «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» президенті;
Зинковский Евгений Владиславович – «Рим-католик Қарағанды епархиясы» діни бірлестігі епископының көмекшісі;
Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы – облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі.
Бекітілген тізім дәлелді құжат болып табылады.
Бекітілген тізім дәлелді құжат болып табылады.
2023 жылғы 10 наурызда облыстық дін істері басқармасының ғимаратында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен (Қарағанды облысы бойынша сСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесе, діни бірлестіктер, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Діни бірлестіктер клубы» кеңесінің семинары өткізілді. Отырыс барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және конфессияаралық келісімді нығайту іс-шараларына азаматтық қоғамды тарту мәселелерін талқылады.
2023 жылғы 1 маусымда облыстық дін істері басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өткізіліп, оған облыстың жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тартуды және азаматтық қоғам институттарын дамытуды қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сюжетті қысқаша бейнеролик көрсетіліп, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасы түсіндірілді.
Сонымен қатар, басқарманың қызметімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
2023 жылғы 14 маусымда дін істері басқармасының басшысы Ж.А.Сектайдың төрағалығымен «Діни бірлестіктер клубы» кеңесінің семинары өткізілді. Семинарға облыстың діни бірлестіктерінің 15 өкілі қатысты.
Семинарда діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы мәселелер талқыланды. Азаматтарды қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықтық сауаттылықты арттыру туралы ақпараттандыру.
4 міндет. Интернет-ресурстағы және әлеуметтік желілердегі хабарландыру:
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/519717?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/567361?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/573681?lang=ru
https://www.instagram.com/p/CteHtieypZ6/?igshid=MWQ1ZGUxMzBkMA
https://www.instagram.com/reel/Cs-ZBXzPq5Y/?igshid=MWQ1ZGUxMzBkMA
https://www.instagram.com/p/CpnP-g5o_Ul/?igshid=MWQ1ZGUxMzBkMA==