ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі                   №46/01 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарағанды облысы әкімдігінің 24 қыркүйектегі №46/01 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1945 болып тіркелген) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулыға қосымшаны,  осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды облысының әкімі                                               Е. Бөлекпаев

ПРОЕКТ ПОСТАНОВЛЕНИЯ АКИМАТА КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Дата публикации
03 марта 2023