2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

2022 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Қарағанды облысының дін істері басқармасымен 79 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Халықты ақпараттандыру мақсатында тұрақты негізде БАҚ-та мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыруын жоғарлату бойынша жұмыстар атқарылды, 2021 жылы өткізілген шаралар:

         2021 жылдың қазан айында Қарағанды облысының дін істері басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету механизмдерін түсіндіру бойынша инстаграмм (аккаунт «Konfenskrg») әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырылды.

Эфир басқарманың ресми акаунттарында инстаграм және фейсбук (https://www.instagram.com/p/CVkjk1jM85q/ ) әлеуметтік желілерінде сақталған.

         Сонымен қатар, дін істері басқармасының ресми сайтында «elicense.kz электрондық лицензиялау» порталы арқылы «онлайн» режимінде мемлекеттік қызметтерді алу нұсқауы көрсетілген бейнеролик жарияланған. (https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/media/details/6500?lang=kk; https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/media/details/6498?lang=ru)

         «Уақыт» («Сарыарқа») бағдарламасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша сұхбат берілді https://www.youtube.com/watch?v=Kggtrlm2P0w

 

 

 

Дата публикации
31 января 2022