4 бөлім. Түрлі этностар мен дін өкілдерімен өзара іс-қимыл
4.1. Ассамблея мүшелері мен діни бірлестіктер қатарынан спикерлер пулын қалыптастыру және өзектендіру.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың түсіндіру, парасаттылық қағидаттарын дәріптеу жұмыстарын жүргізетін діни бірлестіктер мүшелері қатарынан спикерлер пулы қалыпттасты:
Мұсабеков Нұржігіт Оразұлы – Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы;
Патрикеев Михаил Александрович – Қарағанды және Шахтинск епархиясы Шахтинск қаласы «Скоропослушница иконасы храмының Приходы» жергілікті діни бірлестігінің настоятелі;
Угольков Александр Николаевич – «Қарағанды және Шахтинск епархиясы Қарағанды қаласы Крест көтеруші храмының приходы» жергілікті діни бірлестігінің настоятелі;
Зинковский Евгений Владиславович – «Қарағанды облысының Рим-Католик шіркеуінің жергілікті діни бірлестігінің Бас викариі».
4.2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша діни бірлестіктер мен түрлі этностар өкілдеріне түсіндіру кездесулерін және бірлескен іс-шаралар өткізу.
2021 жылдың 20 тамызы мен 30 қыркүйегінде Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысының төрағалығымен ZOOM арқылы «Діни бірлестіктермен клуб» кездесуінің семинарлары өтті. Семинарға облыстың діни бірлестіктерінің 25 өкілі қатысты. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Халық арасында әйгілендіру мақсатында Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ұсынған сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған жадынамалар мен бейнероликтерге сілтемелер (https://drive.google.com/drive/folders/1k-EZxmfthFXqxQNjcyarCQjWDxJ83eZl, https://drive.google.com/drive/folders/1u5ziwTMxZ7BxbO8t5h82fl9WNKShzV-p) діни бірлестіктерге жіберілді.