Діни бірлестіктер, діни оқу орындары, миссионерлермен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүргізу жұмыстары бөлімінің ережесі

БЕКІТІЛГЕН

Қарағанды облысының дін істері басқармасы басшысының

«30» желтоқсан 2019 ж.

№ 93 н бұйрығымен

 

 

Діни бірлестіктер, діни оқу орындары, миссионерлермен және

құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүргізу жұмыстары

бөлімінің ережесі

 

І. Жалпы ережелері

1.1. Діни бірлестіктер, діни оқу орындары, миссионерлермен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүргізу жұмыстары бөлімі (одан әрі – бөлім) штаттық құрылымға сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша басқарма басшысы тағайындайтын жұмысқа қабылданатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.

1.2. Бөлім басшысы Қарағанды облысының дін істері басқармасы басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың құжаттарын және осы ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметін ұйымдастыруды жоспарлауды жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауапты болады.

 

II. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

2.1. Қарағанды облысының аумағында құрылған діни бірлестіктердің қызметін зерттеу;

2.2. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

2.3. Діни бірлестіктермен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

2.4. Діни бірлестіктердің уағыздарына мониторинг жүргізу;

2.5. Діни бірлестіктерді құруға бастамашы болған азаматтардың тізімдерін тексеру;

2.6. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу (қайта тіркеу) жұмысын жүргізу;

2.7. Діни бірлестіктер мен филиалдар туралы, олардың басшылары туралы, діни нысандар туралы мәліметтердің ақпараттық дерекқорын есепке алу, толықтыру және өзгерту жүргізу туралы, шетелдік теологиялық оқу орындарында оқитын студенттер туралы мәліметтер базасын қалыптастыру.

2.8. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

2.9. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктердің басшыларымен өзара іс-әрекет жасау.

2.10. Діни ахуал туралы тоқсан сайынғы есептерді дайындау және жолдау.

2.11. Діни бірлестіктердің, оның филиалдары мен діни бірлестіктердің өкілдіктерінің өкілдерінен құжаттарды қабылдау жұмысын жүргізу.

 

3. Бөлімнің құқықтары

Бөлімнің құқығы:

3.1. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында діни бірлестіктерден жұмысқа қажетті ақпаратты сұрату және алу;

3.2. Басқарманың жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу.

3.4. Басқарма басшысының бұйрықтарымен көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

 

4. Бөлімдегі өзара алмасушылық

4.1. Бөлім басшысы немесе бас маман болмаған жағдайда, бөлімнің жұмысын үздіксіз жүргізу мақсатында келесі өзара алмасушылық белгіленген:

- басшы болмаған жағдайда, басқарма басшысы бұйрығының негізінде бөлімнің бас маманының бірі оның функцияларын атқарады;

4.2. Бөлім қызметкері уақытша болмаған жағдайда, басқа қызметкер оның міндеттерін атқарады. Бұл ретте, уақытша болмаған қызметкер міндетін атқаратын маманға оның барлық барлық өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері беріледі.

Діни бірлестіктер, діни оқу орындары, миссионерлермен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүргізу жұмыстары бөлімінің ережесі
Дата публикации
21 июня 2021