Қарағанды облысының дін істері басқармасының қаржылық-әкімшілік бөлімінің ережесі

БЕКІТІЛГЕН

Қарағанды облысының дін істері басқармасы басшысының

«30» желтоқсан 2019 ж.

№ 93 н бұйрығымен

 

 

Қарағанды облысының дін істері басқармасының

қаржылық-әкімшілік бөлімінің ережесі

 

І. Жалпы ережелері

 

1. Қаржылық-әкімшілік бөлімі (одан әрі – бөлім) Қарағанды облысының дін істері басқармасының (одан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президенттің, Үкіметтің және облыс әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, басқарма туралы ережеге, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігі (одан әрі – министрлік) мен басқарманың бұйрықтарына және осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

II. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

 

4. Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын, ақшалай қаражатқа, тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізілуін бақылау.

5. Функциялары:

1) бухгалтерлік және экономикалық көрсеткіштерді талдау;

2) негізгі қаражаттан түсетін мүлікті, міндеттемелерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақша қаражатын есепке алу;

3) ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу, бухгалтерлік балансты және есеп беруді жүргізу;

4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

5) басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

6) іс қағаздары мен құжат айналымын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

7) құжаттама және құжаттаманы басқару ережелерінің өзгертілуіне және жаңартылуына мониторинг жүргізу;

8) «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» бағдарламалық кешенінің күнделікті жұмысын қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сонымен қатар министрліктің, облыс әкімдігі мен басқарманың басшылығымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

6. Құқықтары:

1) өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, түсіндірмелерді, ақпараттарды мемлекеттік органдардан сұрату және алу;

3) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарма басшылығына ұсыныстар енгізу;

4) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша статистикалық есептерді, түсіндірмелерді, ақпараттарды дайындау;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, министрліктің, облыс әкімдігі мен басқарманың актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

7. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті өкілеттілігі бар.

8. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қызметке басқарма басшысы тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

9. Бөлім бастығы бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

10. Бөлім бастығы:

1) Басқарма басшылығына бөлім қызметкерлерінің ұсыныстарын, оларды көтермелеуді және тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарауға енгізеді;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігінің, министрлік пен басқарма басшылығының актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

11. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жолданатын құжаттарға бөлім басшысы қол қояды.

Қарағанды облысының дін істері басқармасының қаржылық-әкімшілік бөлімінің ережесі
Дата публикации
14 июня 2021