БЕКІТІЛГЕН
Қарағанды облысының дін істері басқармасы басшысының
«30» желтоқсан 2019 ж.
№ 93 н бұйрығымен
Діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және
әдістемелік жұмыс бөлімінің ережесі
І. Жалпы ережелері
1.1. Діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмыс бөлімі (одан әрі – бөлім) штаттық құрылымға сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша басқарма басшысы тағайындайтын жұмысқа қабылданатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы мен үш бас маманнан тұрады.
1.2. Бөлім басшысы Қарағанды облысының дін істері басқармасы басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың құжаттарын және осы ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметін ұйымдастыруды жоспарлауды жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауапты болады.
II. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
2.1. Қарағанды облысының аумағында конфессияаралық қатынастардағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерттеу, қорытындылау және талдау;
2.2. Облыстағы діни ахуалды зерттеу, талдау және болжау;
2.3. Мүдделі органдарды дін саласындағы теріс және басқа да оқиғалар туралы уақытында ақпараттандыру;
2.4. Діни ахуалды жақсарту, сауықтыру және нығайту жөнінде мемлекеттік органдарға және құқық қорғау құрылымдарына ұсыныс енгізу (қажет болған жағдайда);
2.5. Діни экстремизм идеяларын насихаттайтын, құқықбұзушылық сипаттағы материалдарды интернет желісінің қазақстандық сегментінде таратуды шектеу үшін зайырлы және діни сипаттағы бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу;
2.6. Ақпараттық-түсіндіру топтарының (облыстың, қалалардың, аудандардың) қызметін ұйымдастыру және бақылау, жүргізілетін жұмыстарды талдау, АТТ жоспарына, кестесіне және құрамына түзетулер енгізу;
2.7. «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ өзара іс-әрекеттегі жұмысын жүргізу;
2.8. Тұрғындардың түрлі санаттарымен конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту, сонымен қатар діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2.9. Конфессияаралық саясат саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау;
2.10. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсету (бөлімнің тұжырымдамасы бойынша);
2.11. Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық міндеттерін жүзеге асыру;
2.12. Діни ахуал туралы тоқсан сайынғы есептерді дайындау және жолдау.
3. Құқықтары мен міндеттері
3.1. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу (өз құзыреттілігі шегінде);
3.2. Әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге қатыстыру үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту (өз құзыреттілігі шегінде);
3.3. Басқарманың жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;
3.4. Басқарма басшысының бұйрықтарымен көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
4. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
4.1. Бөлім басшысы немесе бас маман болмаған жағдайда, бөлімнің жұмысын үздіксіз жүргізу мақсатында келесі тәртіп белгіленген:
- басшы болмаған жағдайда, басқарма басшысы бұйрығының негізінде бөлімнің бас маманы оның функцияларын атқарады;
- бөлім қызметкері уақытша болмаған жағдайда, басқарма басшысының нұсқауымен басқа бөлімнің қызметкері оның міндеттерін атқарады;
- бөлім басшысының қызметкерді көтермелеу (сыйақы, грамота, алғыс хат), материалдық көмек көрсету (қажеттігіне қарай), сонымен қатар өзіне жүктелген міндеттерін дұрыс және уақытында орындамағаны және орындаушылық тәртіпті сақтамағаны үшін тәртіптік шара қолдану туралы қолдаухатын басқарма басшысына беруге құқығы бар.