Security Hackathon. Цифрлық қауіпсіздік саласында жаңа жоба әзірлеуге арналған байқауға қатысуға шақырамыз

Security Hackathon. Цифрлық қауіпсіздік саласында жаңа жоба әзірлеуге арналған байқауға қатысуға шақырамыз

6-8 желтоқсан аралығында Қарағандыда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге арналған Security Hackathon өтеді. Іс-шараға жас және тәжірибелі әзірлеушілер қатысып, инновациялық IT-шешімдер жасаумен айналысады.

Мұндай байқау Қарағандыда он бірінші рет өткізіліп отыр. Оның ұйымдастырушысы – қарағандылық стартап-экожүйе «Террикон алқабы». Форматтың ерекшелігі – нақты кейстерді шектеулі уақыт ішінде шешу. Командалар 48 сағаттың ішінде ұсынылған тапсырмалардың біріне сәйкес шешімдерін жасап, таныстыруы керек:

Веб-қосымша жасап, осалдықтарды парсинг жасау және IP/домендерді тексеру:

  • 1-орын – 400 000 теңгелік сертификат
  • 2-орын – 300 000 теңгелік сертификат

Деректер алмасуға арналған клиент-серверлік қосымша:

  • 1-орын – 200 000 теңгелік сертификат
  • 2-орын – 100 000 теңгелік сертификат

Мұндай форматтағы іс-шаралар IT саласындағы жаңа таланттарды ашуға ғана емес, сонымен қатар нақты өмірде қолдануға болатын шешімдерді жасауға да ықпал етеді. Бұл – қатысушылар үшін өздерін көрсетуге, сарапшылардың қолдауын алуға және ақпараттық қауіпсіздік технологияларының дамуына үлес қосуға берілген мүмкіндік.

«Хакатондар – жай ғана жарыс емес, инновацияларды дамытуға арналған зертханалар. Біз үшін осындай бастамаларды қолдау өте маңызды, өйткені дәл осындай іс-шараларда IT секторының болашағын анықтайтын жаңа идеялар мен технологиялар пайда болады», – деп бөлісті «Террикон алқабының» бизнес бөлімінің басшысы Диана Салехова.

Хакатонға студенттер, IT мамандары, әзірлеушілер және технологиялармен әуестенетін, нағыз жарыс жағдайында өз дағдыларын жақсартқысы келетін барлық адамдар шақырылады. Іс-шара гибрид форматта өтеді – оған офлайн немесе онлайн түрде қосылуға болады. Қатысу тегін, тіркелу terricon.kz сайтында қолжетімді.