
Электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету үшін облыста алты жүзден астам өзіне-өзі қызмет көрсету egov.kz бұрышы жұмыс істейді. Оларда компьютерге немесе интернетке қол жетімділігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылар электрондық үкімет порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Бұрыштар қалалық және аудандық әкімдіктердің ғимараттарында, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т. б. орындарда орналасқан.