
«Senim109» Бірыңғай үйлестіру орталығы жұмысын бастаған уақыттан ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін Call-орталыққа 92 204 өтініш келіп түсті, оның ішінде "109" бірыңғай нөміріне - 82 999, порталға Senim109.kz – 6548, Telegram бот-1608, Facebook – 27, мобильді қосымша – 124, әлеуметтік желілер – 898.
2019 жылғы 25 қарашадан бастап 2020 жылғы ТЖ кезеңінде (а.ж. 16 наурыздан 11 мамырға дейін) орталыққа барлығы 54503 өтініш келіп түсті, оның ішінде "109" бірыңғай нөміріне - 47768 өтініш, порталға – 5832, әлеуметтік желілерге - 903. Бұл орталық жұмысының барлық кезеңіне қарағанда келіп түскен өтініштердің жалпы санының 65% - дан астамын құрады.
Еске сала отырсақ, Бірыңғай үйлестіру орталығы 2019 жылдың 19 ақпанында құрылды. Орталықтың негізгі міндеті Қарағанды облысының аумағындағы барлық органдардың, ұйымдардың, қызметтер мен құрылымдардың ақпараттық жүйелері мен коммуникациялық арналарын біріктіру.
Тұрғындар Орталыққа үш тәсілмен өтініш бере алады:
1) "109" бірыңғай нөміріне Call-орталық (телефон қоңыраулары)»;
2) "Ашық қала" АЖ порталы (http://senim109.kz/)
3) әлеуметтік желілер арқылы (facebook senim109, telegram бот senim109.kz, Instagram senim109.kz, email Salem, ВКонтакте және belsendiazamat мобильді қосымшасы).