
Smart City Day 2024 конференциясы — ақылды қалалар саласындағы заманауи трендтер мен инновацияларды талқылау үшін сарапшылар, әзірлеушілер, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналатын технология және қала құрылысы әлеміндегі маңызды оқиға. Биылғы жылы бұл іс-шара қалаларымызды түбегейлі өзгертуге және өмір сүру сапасын арттыруға қабілетті озық шешімдерді көрсету және тәжірибе алмасу үшін негізгі алаңдардың біріне айналды.
Smart City Day 2024 қала ресурстарын басқаруды автоматтандыру саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсынды. Талқылау жасанды интеллект (AI), интернет заттары (IoT), ауқымды деректер (Big Data) және олардың қалалық қызметтердің тиімділігін арттырудағы рөлі сияқты технологияларды қамтыды.
Конференцияда Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкий жол жабынының сапасын мониторингтеу процесінде жасанды интеллектің (AI) қолданылуы туралы баяндама жасады.
Smart City Day 2024 — бұл жай ғана конференция емес, технология мен инновация біздің күнделікті өмірімізде маңызды болатын қалалардың болашағына деген көзқарас.
Сондай-ақ конференцияда ахуалдық iKOMEK109 орталығының сарапшылары, Sergek Group негізін бірлесіп қалаушы Әсет Ахметов, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС операциялық директоры Вячеслав Уразбахтин, «Smart City» ғылыми-инновациялық орталығының директоры Дидар Еділхан, Astana IT University өкілі сөз сөйледі.