Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қазан айынан бастап отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығы жұмысын бастаған.
«111» байланыс орталығының мәртебесі, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен бекітілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «111» байланыс орталығының қызметін үйлестіреді.
«111» байланыс орталығының қызметкерлері тәулік бойы қиын өмірлік жағдайға тап болған, әлеуметтік көмекке және құқықтық қолдауға мұқтаж әйелдер мен балаларға кеңес береді, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қудалап-қорлау құрбаны болған азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламалар қабылдайды.