
"Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" ММ басшысының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 35-ж/қ бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 15 мамырда сағат 15.00-да Ермеков көшесі, 73 мекен-жайында «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ, Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Бірыңғай үйлестіру орталығы" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауының нәтижелерін көпшілік талқылау жүргізілді.
Көпшілік талқылауға қатысу үшін "Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" РММ бас маманы шақырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 16.01.2023 жылғы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №21 бұйрығының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 30.12.2022 жылғы №488 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау: 1) объективтілік; 2) сенімділік; 3) ашықтық; 4) жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу кезінде рәсімдік бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауының нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындады және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім лауазымдар тізілімі қаралды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспарының жобасы келісілді, басқарма мен оның ведомстволық бағынысты мекемелері қызметінің мәселелері талқыланды.
Көпшілік талқылау барысында басқарма басшысы жұмыста Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.