Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 15 мамырда «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланып отыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты – мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7212) 506791 телефоны арқылы не болмаса digitalqrg@krg.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болатынын жеткіземіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрбір азаматтың берік ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.

Мұндай шараларға әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда белсенділік танытып, жеке үлес қосуға шақырамыз.