Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормалары түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты, сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.