
2024 жылғы 5-22 ақпанда аралығында Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Қарағанды облысының білім, ауыл шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, архивтер және құжаттама, табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жер қатынастары, дін істері, кәсіпкерлік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысқан көшпелі семинарлар өткізілді.
Семинарлар барысында түсіндірмелер мен тиісті ұсыныстар берілді.
Семинарға барлығы 674 адам қатысты.