Баланың білімі туралы ақпарат енді eGov mobile қосымшасында цифрлық құжат түрінде қолжетімді

Баланың білімі туралы ақпарат енді eGov mobile қосымшасында цифрлық құжат түрінде қолжетімді

Баланың білімі туралы ақпарат енді eGov mobile мобильді қосымшасында цифрлық құжат түрінде қолжетімді және оны оқу орнындағы анықтаманың орнына пайдалануға болады.

Енді оқу орнынан анықтама алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге барудың және оның дайын болуын күтудің қажеті жоқ. Білім туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымының деректері, тобтың жасы, балабақша үшін топ атауы, мектеп үшін сыныбы мен литері және колледж үшін топ коды көрсетіледі.