
2023 жылғы 15 желтоқсанда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында «Қазақтелеком» АҚ және Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған CS2 және FС 24 бойынша Қарағанды облысының «ALAMAN 2023: Qarağandy» Екінші өңірлік киберспорт турнирінің финалы өтеді.
Финалға шығу үшін Counter-Strike 2 бойынша 68 команда, ал киберфутболдан 168 адам күресті.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрайды. CS2 финалистері 1 200 000 теңгені, ал FC 24 финалистері 300 000 теңгені бөлісетін болады.
Салтанатты ашылу рәсімі сағат 12:00-де басталады. Шараны Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы құттықтау сөзбенен бастайтын болады.
Сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: 8-778-107-49-99 Инербаева Сәнім