Қарағанды облысында "Қауіпсіз қала" жобасы жұмыс істейді

Қарағанды облысында "Қауіпсіз қала" жобасы жұмыс істейді

Қарағанды облысына қарасты Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Осакаров кентінде 2021 жылдың қазан айынан бастап «Қауіпсіз қала» жобасы жұмыс істейді.

Оның аясында 2726 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркейтін 86 кешен іске қосылды.

Бақылау аумағында автомобиль трафигін тіркеуге және жылдамдық режимінің бұзылу белгілері мен оқиғаларды анықтауға арналған 70 аппараттық-бағдарламалық кешен бар. Сондай –ақ, бақылау аумағында автомобиль трафигін тіркеуге және жол қиылысындағы бағдаршамның тыйым салу сигналына өту мен аялдама сызығына шығу ережелерін бұзу белгілеріндегі оқиғаларды анықтауға арналған 16 кешен жұмыс істейді.

Қарағанды облысына қарасты қалаларда 2023 жылдың 5 айында жол көлік оқиғалары саны  2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,2% - ға төмендеді.

Сондай-ақ, Абай, Шахтинск қалалары мен  Шахан, Долинка және Северо-Западный кенттеріндегі бейнебақылау камералары бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесіне біріктірілді. Барлық бейнебақылау камералары  Қарағанды қаласындағы жедел басқару орталығына шығарылды.

Ағымдағы жылдың шілде айында жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарын анықтау бойынша бейнебақылау камералары мен кешендерінің санын ұлғайту жоспарлануда.

Ақпарат көзі: https://life09.kz/kz/news/zhanalyktar-kogam/karagandy-oblysynda-kauipsiz-kala-zhobasy-zhumys-isteydi