15 мамырда "Ашық деректер"тақырыбында жұмыс кеңесі өтті

15 мамырда "Ашық деректер"тақырыбында жұмыс кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың 15 мамырында «ҰАТ» АҚ өкілімен бірлесіп, ZOOM арқылы цифрлық технологиялар және байланыс бөлімінің басшысы Меиржан Медеубаевич Жумахановтың төрағалық етуімен «Ашық деректер» тақырыбында жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, «ҰАТ» АҚ, сондай-ақ жеке IT-компаниялардың қызметкерлері қатысты.

 Кеңес барысында «ORAL Media» ЖШС маманы жергілікті туризмді дәріптеп, танымал ету мақсатында Қарағанды облысының туристері үшін мобильді қосымша құру идеясын айтты. Ойын іске асыру үшін оған маршрут атауы, жүру жолы, сондай-ақ сапардың мақсаты сынды мәліметтер қажет. «Өңірлер бөлінісіндегі туристік маршруттар туралы ақпарат» жинағы порталда жарияланған, ол бойынша қажетті деректер бар. Кеңес қорытындысы бойынша аталмыш жинаққа түзетулер енгізіліп, «Келу мақсаты» бағаны қосылды.