
👥 Мемлекеттік қызметті келесі топтар қолдана алады:
- дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
- қызмет көрсету саласының қызметкерлері, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;
- қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері;
- мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;
- жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері;
- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
- жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер студенттерге және т.б.
📑 Қызмет көрсету нәтижесі №075-у нысанында берілген медициналық анықтама немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап болып табылады.
🔗 Қызмет eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімінде, eGov Mobile қосымшасында «Денсаулық сақтау» бөлімінде қолжетімді.