Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс кестесі

Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың жұмыс кестесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚКО-лары жұмыс істемейтінін хабарлайды.

Айта кетейік, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13-00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары тізімімен Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан танысуға болады.