ІТ-хабта бизнес-жобаларды іске асыру үшін гранттар алу мәселесі бойынша IT-қоғамдастықпен кездесу өтті

ІТ-хабта бизнес-жобаларды іске асыру үшін гранттар алу мәселесі бойынша IT-қоғамдастықпен кездесу өтті

20 қазанда Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бастамасымен Өңірлік «Терриконды алқап» IT-хабында мемлекеттік органдар мен компаниялар өкілдерінің Қарағанды кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Шақырылған спикерлер – «Атамекен» ҰКП Қарағанды филиалының, Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының, Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының, «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ, Қарағанды қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының, сондай-ақ «Даму» қорының мүшелері. Олар кәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша түсініктеме берді, сондай-ақ бизнесті, стартапты немесе микрокредиттеуді дамытуға грантты қалай алуға болатынын егжей-тегжейлі айтып берді.

Кәсіпкерлер палатасының өкілі Ернар Кульпеисов аудиторияға бизнесті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары жүзеге асырылатын «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» туралы айтып берді. Осылайша, қаржылық емес көмек шараларының ішінде сервистік қолдау көрсетіледі, іскерлік байланыстарды кеңейту және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шаралары жүргізіледі. Спикер әр бағыттың қызметін және оның бизнес иелері үшін артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.  

Кәсіпкерлік басқармасының қызметкері Нұржан Мәжитов өз кезегінде кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылық шаралары туралы, атап айтқанда, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлу туралы айтып берді. Спикер мұндай грантты кімге және қандай талаптарды орындап, алуға болатынын және құжаттарды қалай тапсыру керектігін түсіндірді.

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан кәсіптік оқыту, кәсіптік бағдар беру және гранттар бөлімінің басшысы Азамат Төрехан және бөлім маманы Фараби Мұхтаров сөз сөйледі. Олар кәсіпкерлерге грант алудың негізгі шарттары мен кезеңдері және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту туралы айтып берді.

«Даму» қоры шағын және ұсақ кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асырады. Айжан Нақышева кредит бойынша сыйақыны субсидиялауды және кредит беру бойынша кепілдікті қалай алуға болатынын түсіндірді, сондай-ақ басым жобаларды кредиттеу тетіктері туралы айтты.

Кездесу соңында Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар жобалары және бағдарламалары бөлімінің басшысы Рауан Таран сөз алды. Өз баяндамасында ол жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға берілетін әкім грантын беру қағидаларын талдады.

Қорытынды ретінде «QazInnovations» өкілі Қайыржан Гайнуллиевтің таныстырылым жасады, ол технологияларды коммерцияландыруға және салалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған гранттар туралы айтты.

Кездесуге қатысушылар белсенді түрде гранттарды бөлу процестері мен критерийлері бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. IТ-хаб негізінде жастар саясаты және бизнесті қолдау мәселелері бойынша облыстық құрылымдардың қатысуымен мұндай форматтағы кездесу алғаш рет өткізілді. Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттен қолдау алуға үміткерлердің санын арттыруға мүмкіндік беретін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.