
Бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттардың 19 түрі іске асырылды, оларда QR-код арқылы 10,56 млн. пайдаланушы 12,8 млн. реттен астам (2021 жылы – 5,3 млн. рет, 2022 жылы – 7,4 млн. рет) пайдаланды.
Анықтама ретінде: Жеке куәлік, Жүргізуші куәлігі, Туу туралы куәлік, Неке қию туралы куәлік, Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, Некені бұзу туралы куәлік, Техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, Студенттік билет, Диплом, Зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, Көлік құралын тіркеу туралы куәлік, Әлеуметтік сақтандыру ID, вакцинация паспорты, Көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектік куәлігі, Атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі, Тұруға ықтиярхат.