KPMG Tech Awards премиясын KPMG қорытындылады

KPMG Tech Awards премиясын  KPMG қорытындылады

«GovTech Professional of the Year» номинациясында Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Рустам Байжанов IT-Hub «Терриконовая Долина» жобасымен жеңіске жетті.

IТ-Hub «Террикон алқабы» жобасы аясында IT саласының мамандарына оқыту, біліктілігін арттыру және жұмыс орындарын ұлғайту арқылы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта ІТ-Hub резиденттері FinTech компанияларын, интернет-дүкендерді және маркетингтік агенттіктерді есепке алғанда 3000 адамнан астам.

«2022 жылдың цифрлық серпілісі» номинациясын ауыл шаруашылығына арналған IT-шешімдерді әзірлеуші Agrostream жеңіп алды. Компания даярлаған бағдарламалық қамтама ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есептілікті алуын 20% - ға жеделдетеді, техниканың өнімділігін 2,5 есеге арттырады.

Tech Woman of the Year 2022 номинациясында Қазақстанның технологиялық салаларындағы әйелдер қауымдастығының негізін қалаушы Азиза Шужеева жеңіске жетті. Techno Women қауымдастығы — бұл IT саласындағы гендерлік стереотиптермен күресуге бағытталған Қазақстанның прогрессивті әйелдері.

KPMG Tech Awards байқауына қатысу үшін қазақстандық IT-компаниялардан, стартаптар мен кәсіпқойлардан барлығы 200-ге жуық өтінім берілді.

Сыйлықты 2022 жылы Қазақстанда 26 жыл бойы аудиторлық және консалтингтік қызметтер көрсететін KPMG халықаралық компаниясы белгіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 29 қыркүйекте Астанада өткен Digital Bridge IT форумында өтті.