
23-25 қыркүйек аралығында «Терриконовая Долина» IT-хабында әзірлеушілер арасында мемлекетті цифрландыру немесе ойындарды әзірлеу тақырыптары бойынша прототип жасауға арналған кокурс - Хакатон өтті. Үш күн бойы командалар өз жобаларымен жұмыс істеді және алынған нәтижелерді финалдық қорғауда көрсетті. Үздік жобалар ұйымдастырушылар мен серіктестерден ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы жүлде қоры екі миллион теңгеден асты. Сондай-ақ, Хакатонның серіктестері: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, G5 Entertainment, ООО ЦентрРемСнаб және Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы тарабынан сыйлықтар ұсынылды.
Қатысушылар үшін тапсырма алты кейстің біреуі бойынша прототип жасау және ойластыру болды, атап айтқанда: сипаттау және концепт-арт бойынша кейіпкер мен локацияның 3D-моделін құру, RPG изометриялық фэнтези үшін қадамдық әрекет етуді іске асыру, өндірістегі қауіпсіздік техникасын зерделеу бойынша ойын жасау, Қарағанды облысы мектептері үшін бірыңғай сайт жасау, ақпаратты ұсыну үшін жүйе құру, гранттар және кеңестер төлеу жүйесін құру.
Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша үздік жобаларды келесі командалар ұсынды:
- 51 команда «Кезекті ұрыс жүргізу» кейсі бойынша бірінші орынға ие болды және 200 000 теңге алды;
- 25 команда да кейс аясында кейіпкерді дамыту бойынша бірінші орынға ие болып, 100 000 теңге ұтып алды.
Жеке командаларды Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасынан өкілдер бөлді. Мәселен, «Шаг» академиясынан №31 команда мектептерге арналған сайт үшін 500 000 теңге алды. №29 және 20 командалар мектептерге арналған сайттар бойынша өз жобалары үшін бірдей ұпай жинады және әрқайсысы 200 000 теңгеден сертификаттармен марапатталды. №17 командаға өндірістегі қауіпсіздік техникасын зерделеу бойынша ойын құру жобасы үшін 300 000 теңге табыс етілді, оның шеңберінде балалар VR жұмылдырды.
WOOPPAY компаниясы өзінің ақша қорын төрт жоба арасында бөлді, осылайша №42 командаға - 70 000 теңге, №19 командаға - 100 000 теңге, №64 командаға - 200 000 теңге және №52 командаға - 300 000 теңге табыс етті.
Сыйлықтар мұнымен аяқталған жоқ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ №35 командаға планшеттер, №17 командаға кітаптар, ал №41 командаға мерч жиынтығын табыс етті.
Хакатон жазбасы Youtube каналында қол жетімді: https://www.youtube.com/c/TerriconValley
Қашан: 23-25 қыркүйек
Орны: ІТ-hub «Террикон алқабы», Алалыкина, 12
Аталған іс-шара «Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының» қолдауымен тегін өткізілді.